Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдардың туған туысқандарына, көрші-көлемдеріне, досжарандарына әкелген ірілі-ұсақты сыйлығы.
Жылу
Бақытсыздыққа ұшырап үй–мүлкінен, малынан айырылған адамдарға ауыл тұрғындарының, көрші-көлемдерінің, туғантуыстарының малды, дүниені, ақшалай көмекті жәрдем ретінде беруі
Асар
Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күшімен, көмегімен тез атқару үшін үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе жұмыс жасауы.
Байғазы
Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде немесе жаңа зат алғанда аға, апа, атаәжесінен, туған-туыстарынан алатын сыйы
Сүйек жаңғырту
Құда-құдағи болған жақтардың қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастыру салты
Көрімдік
Нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып сұралған кәде.
Сарқыт
Негізінен әйелдердің тойдан, айт мейрамынан ырымдап үйдегі балалары мен келіндеріне дәмнен алып келуі, ауыз тигізуі.
Базарлық
Алыс сапарға шыққан, қыдырып қайтқан, сауда жасап келген адамдардың туған туысқандарына, көрші-көлемдеріне, досжарандарына әкелген ірілі-ұсақты сыйлығы.